КГУ "Заринская ОШ"
Ресми интернет-ресурс

Өз құқұғыңды біл

Previous Next

#Заңментәртіп

#Адал_азамат

«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектебімізде «Өз құқығыңды біл» тақырыбында Құқықтық ақпарат күні өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға арналған құқықтық мазмұндағы инфографикамен безендірілген ақпараттық стенд рәсімделді.

Стендте оқушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік түрлері туралы маңызды мәліметтер қамтылды. Ұсынылған инфографика оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға деген құрметін қалыптастыруға және жауапты азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталды.

Аталған іс-шара оқушылар арасында құқықтық мәдениетті нығайтуға және «заң мен тәртіп» қағидаттарын сақтауға ықпал етеді.

 

Записаться на прием