#Заңментәртіп
#Адал_азамат
Біздің мектебімізде ата-аналармен маңызды тәрбиелік іс-шара өтті.
«Тәрбие және жауапкершілік» атты іс-шара ата-аналар жиналысы форматында ұйымдастырылып, оған Аналар кеңесінің өкілдері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің тәртібі мен жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын нығайту болды.
Кездесу барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі, ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беру, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Аталған іс-шара ата-аналар мен қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысы арқылы оқушылардың қауіпсіз әрі жауапты ортада білім алуына ықпал ететін маңызды қадам болды.





