КГУ "Заринская ОШ"
Ресми интернет-ресурс

«Қауіпсіз маршрут — менің дұрыс таңдауым!»

#Заңментәртіп

#Адал_азамат

«Қауіпсіз маршрут — менің дұрыс таңдауым!»

   Оқушылардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында 5–9 сынып оқушыларына арналған «Қауіпсіз маршрут» интерактивті ойыны онлайн форматта ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды мектепке, үйге және қоғамдық орындарға барар жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауға, қауіпті жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету.

Онлайн ойын барысында оқушыларға өмірлік жағдаяттар ұсынылып, олар WhatsApp мессенджері  арқылы интерактивті тапсырмаларды орындады. Кіріспе кезеңде «Сен мектептен үйге қайтып бара жатырсың. Қауіпсіз маршрутты таңда» деген тапсырма беріліп, қатысушылар әртүрлі маршруттардың қауіпсіздігін салыстырды.

Интерактивті тапсырмалар арқылы оқушылар:

жарықтандырылған және адамдар көп жүретін көшенің қауіпсіз екенін;

қысқа, бірақ қараңғы әрі бос жолдардың қауіпті болатынын;

бейтаныс адамдардың көмегінен сақ болу қажеттігін талқылады.

Сондай-ақ күмәнді және төтенше жағдайлар бойынша тапсырмалар орындалып, телефон істемей қалған жағдайда қауіпсіз жерге бару, үлкендерге немесе жауапты тұлғаларға хабарлау керектігі айтылды.

Записаться на прием