#Заңментәртіп
#Адал_азамат
«Заң және тәртіп» айлығы шеңберінде бүгін мектебімізде 5–9 сынып оқушыларына арналған профилактикалық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылық істері қаралатын сот отырыстарының бейнематериалдары көрсетілді.
Бейнероликтер арқылы оқушылар сот процесінің өту тәртібімен, құқық бұзушылықтың салдарымен және заң алдындағы жауапкершілікпен танысты. Көрсетілімнің басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Іс-шара оқушыларға үлкен әсер қалдырып, оларды өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға, қоғамда заң мен тәртіпті сақтауға тәрбиелеуге бағытталды. Осындай профилактикалық жұмыстар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.





